Ақтөбеде «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасы бойынша бір пәтерге 5 жас отбасы үміттенуде

Аталған бағдарлама жас ақтөбеліктер арасында үлкен қызығушылық туғызды. Құжаттарды бірінші күні қабылдау кезінде азаматтарды қабылдау ұйымдастырылған облыстық филармония ғимаратында тұрғындардың көптеп жиналуы байқалды, адамдар алдын ала - түнгі сағат бірден бастап кезекке жазылып қойды. 11 наурыз күні 280 отбасы құжаттарын тапсырды, әйткенмен, одан көп келді. Өтініштерін тапсыра алмағандар шынында жасы бойынша, табысы жағынан талаптарға сәйкес келмеді. Соңғы күні тілек білдірген азаматтардың саны едәуір азайды.
Барлығы 5 күн ішінде 1100 отбасы құжаттарын тапсырды, яғни осы жылы бағдарлама бойынша тапсырылатын 1 пәтерге 5 отбасы үмітті.
ТКШ қалалық бөлімі тұрғын үй қоры есебін жүргізу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, қабылданған өтініштер жиналған баллға сәйкес басымдыққа ие болады, балл некенің әр жылына, балаларының және мүгедек-отбасы мүшелерінің болғаны үшін берілетіндігі белгілі. Содан кейін тізім отбасы табысы есептелетін Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкіне берілетін болады
Келесі жылғы тұрғын үйге кезек сол жылы қалыптастырылатын болды.