Ақтөбеде көлігімен адам қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде адам қағып өлтірген жүргізуші табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 2 шілде күні Богословка тасжолында болды.

«Сазды ауылынан Ақтөбе қаласына бағыт алған көлік иесі адам қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Салдарынан жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қазір күдіктіні іздеу жұмысы жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, полиция куәгерлердің 102, 936 403 және 8705 73 53 833 телефон нөміріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар