Ақтөбеде көлік әуежай ғимаратына кіріп кетті
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жеңіл көлік халықаралық әуежай ғимаратына барып соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«10 ақпан күні жеңіл көлік халықаралық әуежай ғимаратына соғылды. «Шкода» көлігін әйел басқарған. Осы дерек бойынша жүргізушіге сараптама жасалып, оның ішімдік ішпегені анықталды. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген», - деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әуежайға соқтығысқан көліктің суреті әлеуметтік желіге тарап кетті.
Фото әлеуметтік желілерден алынды