Ақтөбеде көлік қаққан зейнеткер оқиға орнында көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде зейнеткерді көлік қағып, мерт болды. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде көлік қаққан зейнеткер оқиға орнында көз жұмды

«Hyundai Elantra» маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы Б. Момышұлы даңғылымен келе жатып, жолды кесіп өтпек болған 68 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

«Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қылмыстық кодекстің «Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбе облысында жеңіл көлік қағып кеткен 50 жастағы велосипедші оқиға орнында көз жұмды. Оқиға Темір ауданына қарасты Ақтөбе - Астрахань автожолының 175-шақырымында болды.