Ақтөбеде көлік руліне ие бола алмай қалған әйел ауруханаға түсті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 42 жастағы әйел рульге ие бола алмай, көлік аударылып қалды. Жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде көлік руліне ие бола алмай қалған әйел ауруханаға түсті

Оқиға 6 қараша күні сағат 09:20 шамасында «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» автожолында болған.

«Mitsubishi Lancer» автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Шұбарқұдық кентіне бағыт алған.

«Алға ауданы Қарақобда кентінің жанында рульді басқара алмай, сол жаққа қарай аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші әйел Ақтөбе қаласының жедел медициналық көмек көрсету ауруханаға жатқызылды. Полиция департаменті жол ережелерін сақтау керектігін ескертеді»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.