Ақтөбеде көлік руліне отыратын жасөспірімдер көбейіп кетті

Көлік
Фото: Uza.uz

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде былтыр 168, биыл 23 жасөспірім ата-анасының көлігін айдап, полиция әкімшілік іс қозғады.

Ақтөбеде биыл кәмелетке толмағандардың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 2 бала көз жұмып, 11-і жарақаттанды. Облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжановтың айтуынша, былтыр 168 жасөспірім көлік айдап, ұсталды. Биыл да мұндай 23 дерек анықталды. 

— Ақтөбе облысы Білім басқармасы, өңірдегі ата-аналармен және жасөспірімдермен кездесіп, проблеманы ашық айтып отырмыз. Себебі ата-ана баласына рульді беріп, заңды бұзуын тоқтатар емес. Мәселен жыл басында қала мектептерінің бірінің жоғары сынып оқушысы ата-анасының көлігін басқарып, қоршауға соқтығысқан. Мұндай жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін. Кейде ата-ана автокөлік немесе мотоциклдің кілтін баласы алып кеткенін білмейді. Мұндайда мұқият болуды ескертеміз. Жүргізуші куәлігі жоқ және жол ережесін білмейтін балаға мопед пен скутерлерді басқаруға тыйым салу қажет, — деді Облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.

Соңғы жаңалықтар
telegram