Ақтөбеде композиторлар фестивалі өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Елорданың құрметіне және Ақтөбенің 145 жылдығына орай облыстық филармонияның алдында «Ақтөбем - арман қалам!» атты композиторлар фестивалі өтті.
None
None

Фествальға қаланың өзі мен облыс аудандарынан 16 композитор қатысты. "Шараның мақсаты - дәстүрлі отандық музыкалды мәдениетті дамыту, жастар арасында таланттарды іздеу, жергілікті композиторлар, ақындар мен жас орындаушылардың шығармашылықтарын насихаттау», - дейді халықтың шығармашылық үйінің өкілі Гүлнар Сейталина. Концерттік бағдарламада Жолдыбай Айтқұлов, Сайлаубек Елманов, Қанат Айтбаев, Бақтығали Жұмалин сынды белгілі ақтөбелік композиторлардың туындылары жиналған қауымның құлақ құрышын қандырып, рухани ләззат сыйлады. Фестивальға қатысқан композиторларға алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтар берілді.

Соңғы жаңалықтар