Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйлердің 16% жуығы күрделі жөндеуді қажет етеді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Өңірде 2 782 көпқабатты үй болса, оның 440-ы ескірді. Биыл күрделі жөндеу жұмыстарына 670 млн теңгеден астам қаржы жұмсалады.

Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйлердің 16% жуығы күрделі жөндеуді қажет етеді
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе облысында көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына несие беріледі. Бюджеттен бөлінетін қаржының операторы — «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорциясы, яғни тұрғындар жиналыста шешім қабылдап, ортақ мүлікті жөндеу жоспары құрылады.

— 2024–2025 жылдары көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге арналған 72 жобаны іске асыруға 5,7 млрд теңге бөлінді. Оның 1,4 млрд теңгесі республикалық, қалған 4,3 млрд теңге облыстық бюджет қаржысы. Барлығы 50 көппәтерлі тұрғын үй жөнделіп, 36 лифтті жаңартуы тиіс болды. Бүгінгі таңда 38 жоба іске асырылды, яғни 24 көппәтерлі тұрғын үй жөнделіп, 25 лифт жаңарды. Өзгесінде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл облыстық бюджет қаржысы есебінен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 676,7 млн теңге қарастырылды, яғни 5 жоба қаржыландырылады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Еске салсақ, Ақтөбе прокуратурасы қаңырап бос тұрған ғимараттарды қоршауды міндеттеді. Прокурорлар тексеру кезінде барлығы 26 нысанды анықтаған