Ақтөбеде көппәтерлі үйдегі өрт кезінде егде жастағы әйел қаза болды

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат -Ақтөбе қаласының Некрасова көшесінде орналасқан 3 қабатты көппәтерлі үйде, 9 мамыр сағат 17.30-да 3-ші қабаттағы  пәтер өртенді.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Өрт сағат 18.00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы және ҚР ТЖМ «Медициналық апат орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 2 шаршыметрді құрады. Өрттің салдарынан егде жастағы әйел көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар