Ақтөбеде көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары ұсталды

Ақтөбеде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзған Бангладеш және Тәжікстан азаматтары ұсталып, кейбірі елден шығарылды, деп хабарлайды Kazinform.

полиция
Фото: polisia.kz

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің және ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексерді. ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Бангладештің 41, 31, 26 жастағы үш азаматын ұстады.

Шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі, яғни, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

- Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтар 5 жыл бойы ҚР аумағына кіре алмайды. Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды.

Сонымен бірге «Тосқауыл» жедел алдын-алу шарасы кезінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Тәжікстан Республикасының екі азаматы ұсталды. Олар әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға әрекеттенген.

Алайда Ақтөбе станциясындағы көші-қон қызмет тобы және ҰҚК шекара қызметкерлері, Батыс Қазақстан облысындағы әріптестеріне хабарласып, тәжікстандықтарды Орал қаласынан ұстады. Олар да ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешімімен екі шетелдіктің біреуіне 86 мың 250 теңге әкімшілік айыппұл салынып, екіншісі ел аумағынан шығарылды, - деді Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Айбек Бекжанов.

Соңғы жаңалықтар