10:38, 15 Наурыз 2013 | GMT +5
Ақтөбеде ҚР АШМ басшысының қатысуымен ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселелері талқыланды
АҚТӨБЕ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімдігінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.

Жиында облыстың ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселелері талқыланды. Ақтөбе облысында бірнеше жыл қатарынан құрғақшылық болып, шаруалар үлкен шығынға батуда, мемлекеттен өсімдік шаруашылығына бөлінген несиелік ресурстардың бір бөлігін есептен шығаруға тура келуде.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жиын барысында биыл өңірде өсімдік және мал шаруашылықтары дамытылатын аудандар нақты анықталатын болатынын мәлім етті.
Аудандардың дені мал тұқымын жақсарта отырып, мал шаруашылығын мақсатты түрде дамытатын болады.
Кеңеске қатысушылар «Агробизнес-2020» бағдарламасын және оның іске асырылу тетіктерін талқылады.