Ақтөбеде қуаттылығы 700 МВт болатын электр станциясы салынады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық инвесторлар қуаттылығы 700 МВт болатын электр станциясын салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ұлыбритания халықаралық сауда министрлігінің тау-кен секторындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі кеңесшісі Рос Лунда және «Azura» компаниясының халықаралық инвесторлар тобының өкілі Морис Фрош кездесу өткізді.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу кезінде бірнеше инвестициялық жоба ұсынылды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес аймақта инвесторлардың сенімді әрі жайлы жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Мемлекет жеңілдіктер ұсынып, инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз етеді және қорғайды. Біз ынтымақтастық қарым-қатынасты әрдайым қолдаймыз және біздің облыста іске асыруға болатын жобаларға қажетті көмек көрсетуге дайынбыз», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
null

Ақтөбе облысының әкімдігі мен инвесторлар қуаттылығы 700 МВт болатын электр станциясын салу келісімін жасады.

Инвесторлар жобаны қараша айында қаржыландырады. «Біз осы жобаны бастауға дайынбыз. Бұл біз үшін өте маңызды жоба»,- деді Морис Фроч. Негізінен «Azura International» компаниясы энергетикалық ресурстарды, минералдар мен ауылшаруашылық өнімдерін сатуға және саудалауға машықтанған. Сонымен қатар, қазбаларды барлау және өндіру, кеңес беру қызметтерін атқарады. 
null

Соңғы жаңалықтар