Ақтөбеде қуаты 20 мың текшеметрлік мұнай базасы ашылды

ҚТӨБЕ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде жеделдете индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру ауқымында күрделі жөндеуден кейін сыйымдылығы 20 мың текшеметрлік және құны 1,3 млрд. теңгеден асатын «Sinooil» ЖШС мұнай базасы іске қосылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

1970 жылы ашылған мұнай базасы көп уақыт пайдалану салдарынан көптеген технологиялық жабдықтары ескірген болатын. Сондықтан да оны жаңарту қажет болды.

Жобада оның резервуарларының сыйымдылығын 20 мың текшеметрге дейін кішірейту көзделді. Бұл санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес өрт қаупін азайтады. Сондай-ақ бұрынғыларының орнына жаңадан 12 резервуар құрастырылды. Май құятын орын бір мезгілде 10 машинаға қызмет көрсетеді.

Мұнай базасының жүк айналымы жылына 70 мың тоннаны құрайды, онда жанармайдың барлық түрін құюға мүмкіндік жасалған.

Соңғы жаңалықтар