Ақтөбеде «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында 707 құқықбұзушылық анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбелік полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні 707 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша 406 факті орын алған, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

Наурыз мейрамы қарсаңында көшелердегі және қоғамдық жерлердегі құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында ағымдағы жылғы 17-19 наурыз аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Облыс бойынша қоғамдық тәртіпті қорғауға 1000-нан астам қызметкер, ішкі әскер бөліністері, мұғалімдер және заң институтының тыңдаушылары, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері, сондай-ақ 153 бірлік автокөлік тартылды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның бірінші күні облыс бойынша 30 қылмыс тіркелді. Кезекші тәулікте полицияның кешенді күшімен 12 қылмыс «ізі суымай» ашылды. Бұрын жасалған 11 қылмыс ашылды, оның ішінде 4-уі - өткен жылғы қылмыстар. Іздеуде жүрген 3 адам ұсталды.

«Нөлдік төзімділік» тәртібімен 707 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде есірткі затын заңсыз сатудың 2 фактісі, ұсақ құқықбұзушылықтың 85 фактісі, ішімдік ішу және қоғамдық жерлерде мас күйінде жүрудің 135 фактісі, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүрудің 59 фактісі, 17 ҚР келу ережесін бұзушылар (барлығы ТМД азаматтары) және 406 жол қозғалысы ережесін бұзғандар, оның ішінде 13 көлікті мас күйінде жүргізгендер болған.

Сондай-ақ айналымнан 2 заңсыз сақталған қару алынды.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен 22 жастағы Хромтау қаласының тұрғыны ұсталды. Оның ауласынан өткен жылдың желтоқсан айында айдап әкетілген «Митсубиси Лансер» маркалы автокөлік табылды. Көлік тәркіленіп, күдікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 185-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар