18:50, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Ақтөбеде құны 5,9 миллиард теңге болатын 2 659 нысан заңдастырылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті заңдастыру үрдісі жүргізіліп жатқаны белгілі.
Бүгінде Ақтөбе қаласының жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша комиссиясына 3 601 нысан бойынша 2 184 өтініш келіп түсті. Олар, негізінен, тұрғын үй құрылысы, шаруашылық қосалқы құрылыстар, бау-бақшадағы үйлер.
Жылжымайтын мүлікті заңдастыру бойынша комиссия хатшысы Айгүл Баймашованың айтуынша, 2015 жылдың 20 шілдесіне дейін 2 149 өтініш қаралды. 1 316 өтініш бойынша нысандар заңдастырылды, 830 өтініш қайтарылды, 3 өтініш қолдауға ие болмады, 35 өтініш қаралып жатыр. Барлығы 5,9 миллиард теңгенің 2 659 жылжымайтын мүлік заңдастырылды.