21:01, 03 Мамыр 2024 | GMT +5
Ақтөбеде құрылыс материалдарын сақтайтын қойма жанып жатыр
АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласы Шығыс базары маңында құрылыс материалы сақталған қойма өртеніп жатыр.


Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында өрт сөндірушілермен қатар Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Әзірге өрт шарпыған аумақтың ауданы белгісіз.

Дегенмен Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде өткір иіс бар.

Әрі қара түтін аспанды басып қалды.

Сағат 20:40–та әлі де ашық жалын көрінеді.
Мұнда полиция жолдарды бөгеп, өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз жұмысына жағдай жасалған.


