Ақтөбеде қыздарға ши тоқуды үйрететін мектеп ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жекенің қолындағы ғимарат мемлекеттік мекемеге беріліп, көркемсурет мектебіне айналды. Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясына мүше мектепте балалар құммен сурет салып, ши тоқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысы, Темір ауданының орталығы Шұбарқұдықта Оқушылар үйі мен көркемсурет мектебі жұмыс істеп тұр. Мұнда қыздар ши тоқып, ер балалар ағаш жонып жүр. Сурет салып, граттаж әдісімен түрлі бұйымдар жасайды. Сонымен қатар, қыздарға әсемдік сыйлайтын ұлу бағып, тосап қайнату, қысқа арнап көкөніс тұздау үйретіледі.

«Ауданда Оқушылар үйі мен көркерсурет мектебі жұмыс істеп тұр. Оқушылар бос уақытында қолөнер бұйымдарын жасап, шеберліктерін шыңдап жүр. Шынын айтқанда, аудандағы ең алғашқы «Таңшолпан» дәмханасы мемлекетке беріліп, қайта жөнделді»,- деді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов.

Оқушылар үйінің директоры Самал Ермекқызының айтуынша, Зоология үйірмесінде ұлу ұстайды. Ахатин тұқымдас ұлуды қыздар тамақтандырып, бар күтімін жасады.

«Ұлу әсемдік сыйлайтын жәндік болған соң қыздар үйірмеге келіп жүр. Сұлулық салоны болмаған соң тапсырыс қабылдамаймыз. Барлығы үш топ бар. Өзім Темір ауданының Кеңқияқ ауылында білім алып, мектептен соң Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің жаратылыстану мамандығын бітірдім. Диплом алған соң жас маман ретінде Оқушылар үйіне жұмысқа қабылдандым», - Оқушылар үйінің мұғалімі Аягөз Жамаева.
null 

Оқушылар сирек кездесетін жемістен тосап дайындаған. Зәр шығару жүйесінің ауруларына, тұмау мен суық  тиюге қарсы емдік қасиеті бар физалис жемісі Ресей, Ирак, Балтық жағалауы мен Кавказда жиі кездескенімен, Қазақстан жерінде өте сирек өседі.

«Физалис жемісінің тұқымын алып, егіп, балалар жаз айларында баптады. Ауладағы шағын бақта өскен жеміс биыл өнім беріп, қыздар тосап дайындады. Емдік қасиеті бар жемісті өсіріп, дамытуға, табыс көзіне айналдыруға болады. Бізде 750 бала үйірмелерге қатысады. Әр оқушы өз талғамы, таңдауы бойынша жаңа дүниелерді үйреніп жүр», - деді Оқушылар үйінің директоры Самал Абдуллина.
null 

Мұнда қыздар ши тоқуды, ер балалар ағаш жонып, ұлттық бұйымдарды дайындап жүр. Шебер Төлеген Қоңырбаевтың айтуынша, республикалық «Нұрлы жер» байқауында «Жылқылар» атты Алтынай Қожанның жұмысы І-орынды жеңіп алды. Осы жеңіс оқушыларға жігер беріп, олардың қатары күн санап артып отыр.

Ал көркемсурет мектекбінде оқушылары құммен сурет салады.

«Құмды арнайы тапсырыспен Астана қаласынан алдырып жатырмыз. Әзірге оқушылар өз жеріміздегі құмды пайдаланып жүр. Көркемсурет мектебі таяуда Алматы қаласына барып, Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясына мүше болды. Енді халықаралық, республикалық байқауларға еркін шығып, қатысамыз. Ал кішкентай шеберлерімізге клуб қаржылай көмек береді. Оқушылар граттаж әдісін меңгеріп жүр. Майшаммен салынатын сурет көпшілікті таңқалдырып жүр. Әрі мектеп ішінен қысқы бақ ашылды», - деді мектеп директоры Максим Черков.
null 

Максим Черковтың ұлты удмурт болса да қазақ тілінді сөйлеп, балаларына қазақы тәрбие беріп жүр. Қазақ жерінді туып, өскен ол өз ана тілін білмейді, ата-бабасы қоныстанған елге бармаған. Оның арманы, балаларды өзі білетін өнерге баулып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу. 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар
Референдум