Ақтөбеде «қызыл» мәртебесі бар адамдарға 3 млн теңге айыппұл салынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде карантин шектеуін бұзған адамдарға айыппұл салынып жатыр. Бүгінге дейін «қызыл» мәртебесі бар 300-ден астам адамның оқшаулану ережесін сақтамағаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде 4 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан мен мекемеде «Ashyq» қосымшасы бар. Тексеру жүргізу кезінде «сары» статусы бар 238 және «қызыл» мәртебесі бар 314 адам анықталған. «Сары» мәртебесі бар 100 адамға Ақтөбе қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы түсіндірілді. Ал «қызыл» статусы бар 77 жеке адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 425-бабы 1-тармағымен әкімшілік шара қолданылып, 3, 4 млн теңгеге айыппұл салынды.

«Мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес 88 млн теңгеге 877 айыппұл салынды. Шектеу шараларын бұзғандар қатарында мейрамханалар, дүкендер, лаундж бар және тағы басқа нысандар бар. 17-23 қыркүйек аралығында 30 материал түсті. Салтанатты іс-шара өткізгендері үшін «Жеті Қазына», «Кереге», «Алтын Сарай», «Колезей» мейрамханаларына, «Солнечный» және «Көк Жайлау» демалыс орталықтарына айыппұл салынды. Бетперде режимін сақтамағаны үшін «Алкомаркет» дүкеніне әкімшілік шара қолданылды. Карантин режимін сақтамағаны үшін «Баршылық», «Астана», «Электрон», «Ярмарка», «Мега Шығыс», «Мерей» сауда үйлеріне және «Movie room» кинотеатрына, «Алсер» дүкеніне айыппұлдар салынды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.


Соңғы жаңалықтар