Ақтөбеде лифтті тексеру жұмысы аяқталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында қайғылы оқиғадан кейін лифт тексеру жұмысы аяқталды. Барлығы 139 көпқабатты үйдегі 282 лифт тексеруден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында лифтте қайғылы оқиға тіркеліп, жергілікті билік арнайы комиссия құрған болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, лифттегі ақаудан 28 жастағы журналист Айзат Әбдісамат көз жұмды.   Кейін оның күйеуі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.  Бір айға созылған тексеру кезінде 25 жылдан астам уақыт жұмыс істеп тұрған 282 лифт бақылауға алынды. Қазіргі кезде бар болғаны 18 лифттің жыл сайын техникалық тексеруден өтіп тұратыны анықталып отыр. Ал 33 лифт күрделі жөндеуді немесе қайта ауыстыруды талап етеді.

«Барлығы 282 лифт болса, оның 113-інде техникалық төлқұжат жоқ. Лифтті пайдалану ережесіне сай тексеру болған кезде қателіктер түзетілмесе, лифт жөндейтін мекемемен келісімшарт болмаса, электромеханик қарастырылмаса, арнайы мамандар жұмыс істемесе, бақылау жүргізілмесе лифтті пайдалануға болмайды. Тексеру кезінде техникалық талаптарға сай келмеген әрі жауапты адамдары белгіленбегені лифттер анықталды. Барлығы 122 тұрғын үйдегі 231 лифтті пайдалану кезінде заңсыздықтан тіркелді»,- деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Самат Лепесов. Техникалық талапқа сай келмеген лифттер тоқтатылып, жөндеу жүргізілген соң ғана іске қосуға рұқсат берілетін болды.

Еске салсақ, 11 сәуір күні сараптама комиссиясы лифт тексеруді бастады.  Комиссия алдымен құжатын қарап, кейін лифттің техникалық жағдайымен танысты, қызмет көрсететін компанияға арнайы міндеттер жүктеді. 

Соңғы жаңалықтар