20:57, 11 Шілде 2016 | GMT +5
Ақтөбеде Литваның құрметті консулдығы ашылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбедегі Сәңкібай батыр даңғылында іскерлік байланыстар мен экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуды мақсат еткен Литваның құрметті консулдығының ашылуы өтті.
«Дипломатиялық өкілдік Ақтөбе өңірі мен Литва Республикасы арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға қызмет етеді», - деді Литва сыртқы істер министрінің орынбасары Мантвидас Бекяшюс.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы, фармакология, медициналық туризм және көлік байланыстарын дамыту Литваның қызығушылығын тудырып отыр. Және Литва сыртқы істер министрінің орынбасары Ақтөбеде виза орталығын ашу мәселесінің шешіліп жатқанын хабарлады. Бұл арқылы өңір тұрғындары облыс орталығынан шенген визаларын ала алады.
«Рамазан» ЖШС директоры Орынбасар Мусин Ақтөбедегі Литваның құрметті консулы атанды.