Ақтөбеде лудоман есепшіге ерік беріп қойған мектеп директоры сотталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласындағы №55 орта мектеп-гимназиясының директоры сотталды. Ол есепшіге электронды цифрлық қолтаңбасын беріп, мұғалімдерге артық жалақы аударып отырған. Сот директорды 3 жылға бас бостандығынан айырды.

задержание, полиция
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе қаласының № 2 сотында №55 орта мектеп-гимназиясының директорына қатысты іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу», «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» баптары бойынша айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, мектеп есепшісі 2015-2023 жылдар аралығында мемлекетке 413 млн теңгеден астам шығын келтірді. Ол қаржыға бәс тігіп, ұтылып қалған

Сонымен бірге мектеп директоры кейбір мұғалімге 0,5 мөлшерлеме бойынша қосымша жалақыны негізсіз есептеуге келісім беріп, оны өзі алып отырған. 

- Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындамады. Оның ЭЦҚ кілті үнемі бас есепшіде болды және оның ұрлық жасағанын білмеді. Сонымен бірге кейбір мұғалімге негізсіз жалақы төлегенін, бірақ пайдакүнемдік мақсатта емес, алған барлық қаражаты мектептің қажеттіліктері мен күтіміне жұмсалғанын айтып түсіндірді. Өзін ақтауды өтінді. Сот үкімімен мектеп директорына 3 жыл мерзімге бас бостандығынана айыру жазасы тағайындалды. Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деді Ақтөбе қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар