Ақтөбеде мамыр айында 2 қала және 11 ауыл әкімі сайланады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде ауыл әкіміне үміткерлердің басым бөлігі өзін-өзі ұсынушылар. Мамыр айында 13 әкім сайланады. Оның екеуі қала әкімі. 

Ақтөбеде мамыр айында 2 қала және 11 ауыл әкімі сайланады
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Ақтөбе облысында мамыр айында өтетін сайлауға кандидаттарды тіркеу аяқталды. 2 қала және 11 ауылдық округі әкімі үміткерлерін тіркеу кезінде 45 адам ұсынылды. Нәтижесінде 41 кандидат тіркелген. Оның ішінде 9 кандидат «AMANAT» партиясынан, 1 кандидат «Ауыл» партиясынан, 31 кандидат өзін-өзі ұсынушы. Бір округке орта есеппен 3 үміткерден келіп тұр.

— Кандидаттардың орта жасы — 40 жас. Ең жасы 25-те, жасы үлкені 62-де. Әрбір ауылдық округке бөліп қарасақ орта есеппен 3 кандидаттан келеді. Қазіргі уақытта кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деді Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Жүсіпов.

Айта кетейік, үміткерлердің алтауы қазіргі күні де әкім қызметін атқарып жүр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 97 пайыздан астам ауыл әкімдері сайлау арқылы тағайындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты

Соңғы жаңалықтар