11:36, 01 Мамыр 2010 | GMT +5
Ақтөбеде мамырдың 1-іне арналған мерекелік шаралар өтуде
АҚТӨБЕ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін таңертеңнен бастап Ақтөбенің алаңдары мен саябақтарында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар басталды.
Орталық стадионның алдындағы алаңда ұлттық-мәдени орталықтардың ұйымдастыруымен «Қазақстан - достықтың биік тұғыры» атты мерекелік бағдарлама өтіп жатыр. Бүгін сондай-ақ, «Қоныс» спорт сарайының алдында балдырғандар үшін асфальтта сурет салу конкурстары, түрлі спорттық шаралар өтуде. Ал «Мега» орталығында «Қолөнер кәсібі саласындағы үздік кәсіпкер» көрмесі ұйымдастырылды.
Халықтар бірлігіне арналған мерекелік іс-шаралар мамырдың 3-іне дейін жалғасады.