Ақтөбеде мас жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан тұрғынды қағып өлтірді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 61 жастағы қала тұрғыны ауруханада көз жұмды. Оны жүргіншілер жолында көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде мас жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан тұрғынды қағып өлтірді

Бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған ақтөбелік тағы да ереже бұзды. Мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасады.

«Тойота Камри» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы Тілеу батыр көшесі бойымен жүріп, «Тұмар» қонақүйіне қарама-қарсы бетте жүргіншіні қағып кетті. 61 жастағы жаяу жүргінші жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсіп, алған жарақатынан қайтыс болды. Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.