Ақтөбеде майнингтік фермаларға жер телімдерін заңсыз беру дерегі анықталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Ақтөбе» индустриалды аймағында майнингтік фермаға жер телімі берілген. Қазір прокуратура тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде  майнингтік фермаларға жер телімдерін заңсыз беру дерегі анықталды

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ индустриялық аймақ аумағында майнингтік қызметті жүзеге асыратын екі серіктестікке жер телімдері жалға берілген.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес индустриялық аймақтардағы жер тек өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және көлік логистикасы саласындағы инвестициялық жобалар үшін беріледі. Қазіргі уақытта прокуратура заңсыз берілген жер телімдерді мемлекеттік қорға қайтару бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бұдан басқа, Экономикалық тергеу департаменті «Ақтөбе» ӘКК» АҚ қызметкерлеріне қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.