Ақтөбеде мектебі жоқ елді мекен балалары автобуспен қатынайды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Облыста мектебі жоқ 60 елді мекен болса, оның 20-ында мектеп жасындағы бала бар. Олар сабаққа автобуспен қатынайды. 

мектеп автобусы
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы бойынша мектебі жоқ елді мекендерде 199 бала тұрады. Жаңа оқу жылында оларды 20 мектепке тасымалдайды.

— Мектебі жоқ 60 елді мекеннің 20-сында мектеп жасындағы балалар бар. Бәрі де білім ордасына автобуспен қатынайды. Сонымен қатар тағы 125 мектеп автобусы күн сайын 12 514 оқушыны тасымалдайды. Олар білім беру ұйымдарынан үш шақырым және одан да ұзақ жерде тұратын балалар, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңа оқу жылында жалпы саны 12 713 бала тасымалданатын болды. Барлығы 145 автобус қызмет көрсетеді. Оның 53-і мектеп теңгерімінде болса, қалған 92-ін уақытша жалға алған.

Еске салсақ, кеше Ақтөбе облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы автобустардың жарамдылығын тексерді

Соңғы жаңалықтар