Ақтөбеде мектеп директоры із-түзсіз жоғалып кетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Қарақұдық орта мектебінің директоры жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қарақұдық ауылынан түскен хабарлама бойынша 31 жастағы Бақтыгерей Тәжмағамбетов пен 30 жастағы Нұржан Маханов өткен сенбі күні балық аулауға шығып, үйге қайта оралмаған.  Ақтөбелік еріктілер бүгін өзен жағасын тінтіп шықты.

«Туыстары хабарласып, үш күннен бері байланыса алмағанын айтты. Бүгін еріктілер олар демалған өзен жағасына барып, бірінің күртесін тапты. Сондықтан еріктілер оларды өзеннен іздеу керек деп есептейді», - дейді еріктілер тобының жетекшісі Екатерина Голотина.

Соңғы жаңалықтар