Ақтөбеде мектеп оқушысы Ахмет Байтұрсынұлына арналған мобильді қосымшаны іске қосты
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе қаласындағы №64 орта мектептің оқушысы Даниал Құрманғали Ахмат Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашығына арналған мобильді қосымшаны іске қосты. Қазір мыңға жуық адам қосымшаны жүктеп алған.
№64 Ұзақбай Құлымбетов атындағы мектеп мұғалімі Ербол Медеуов оқушысы Даниал Құрманғалиға мобильді қосымша жасап шығуға ұсыныс берді. Үздік оқушы өзі қызығатын бағытта тақырып таңдап, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталды.
– Мен қазір 9 сыныпта оқимын. Жобаны 7 сыныпта қолға алып, ақпарат жинауды бастадым. Нәтижесі жақсы деп ойлаймын. Қазір қосымшаны мыңнан астам адам жүктеп алған, - деді Даниал Құрманғали.
Оқушы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университет кітапханасына барды. Көп уақытын осы жерлерде өткізіп, ақпарат жинақтады.
– Оқушы математика, информатика пәндерімен қатар ағылшын тілін жақсы меңгерген. Мобильді қосымша құрастыру кезінде оның өз пайдасы тиді. Оқушы техника тілін тез үйренді, нәтижелі жұмыс істеді. Әр сабақ сайын қызығушылығы артып, соңында қосымша бүкіләлемдік маркет сервисін жүктелді. Қосымша 9 бөлімнен тұрады. Ұлт ұстазының өмір жолы, шығармалары, нақыл сөздері, өлеңдері, еленген еңбектерімен қатар 3D тур да бар. Ғалымның өмірі қиын болғаны белгілі. Ол ағартушы, саяси тұлға болған. Қуғын-сүргінге ұшыраған кезі де қамтылды. Әлі де ақпаратты толықтырамыз, - деді мұғалім Ербол Медеуов.
Мектеп оқушысы Даниал Құрманғали алдағы уақытта ІТ саласын терең меңгеріп, жаңа қосымшалар құрастыруды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, бұған дейін №64 орта мектеп оқушысы қауіп төнгенін хабарлайтын қосымша ойлап тапқы.