Ақтөбеде мектеп оқушыларын ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шықты
Еске салсақ, бірқатар БАҚ «Бүркіт» клубының қызметкерлері Ақтөбедегі №23 мектептің бесінші сынып оқушыларын ұрып-соққандығы туралы ақпарат таратты.
Тергеу барысында жиналған материал «Бүркіт» қызметкерлерінің кінәсін растаған жоқ. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыда заңды жәбірленуші өкілдер шағым жазудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқаны айтылған.
«Жәбірленушілерден ұрып-соққан белгілер табылмаған, олар медициналық көмекке жүгінбеген, - деді ведомство баспасөз қызметінің басшысы Ардагер Уайдин. - «Бүркіт» патриоттық клубының мүшелерінің айтуынша, олар балаларды қорғап, мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. «Ұрып-соқты» деген күні, оларға ата-аналар комитетінен жүгінгеннен кейін жиі тәртіп бұзатын 5 сынып оқушыларын алдын ала әңгімелесуге шақырған. Алайда олар балаларға күш қолданбағаны, психолгиялық қысым көрсетпегені анықталды. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.