Ақтөбеде мектеп түлегін пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп түлегі Азат Дүсіповты пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойыншы іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде мектеп түлегін пышақтап өлтірген күдікті қамауға алынды

Ақтөбе қаласындағы №19 орта мектеп түлегі Азат Дүсіпов пышақ жарақатынан көз жұмды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқиға маусым айының 17-нен 18-не қараған түні Ақтөбе қаласының Тургенев көшесінде болған. 

«Ақтөбе қалалық №2 сотының 2018 жылғы 20 маусымдағы Қаулысымен ҚР Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабының 2-тармағы бойынша күдікті ретінде танылған кәмелет жасқа толмаған Б. қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды»,- деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.