Ақтөбеде мектепте жарақат алған 6 жасар оқушы ауруханаға жатқызылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысындағы Бестамақ орта мектебінің оқушысы ауруханада ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде мектепалды даярлық тобында білім алып жүрген оқушы жараланып, ата-анасы баланың суретін әлеуметтік желіге жариялаған болатын. Қазіргі уақытта жан-жақты ем жүргізу үшін бала Алға аудандық ауруханасына жатқызылды.

«Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр. Тексеру жұмысы аяқталған соң ғана мектеп медбикесіне шара қолданылады. Шын мәнінде мектеп медбикесі балаға алғашқы медициналық көмек көрсетпеді. Себебі анықталады. «Мұғалімдер кеш шақырды ма, әлде медбике мектепте болмады ма?» деген сұраққа жауап іздейміз. Медбикенің айтуынша, ол оқиға орнына келгенде мұғалім баланың бетін жуып, оны үйіне жіберген. Үйіне барған кезде ата-анасы баланы қалаға алып кеткені белгілі болды. Сол күні олар облыстық балалар ауруханасына келіп, бет-жақ дәрігері және нейрохирургке қаралған. Баланың жарасы залалсыздандырылып, беті мен маңдайы ісіп, көгергені анықталды. Невропатолог ауруханада жатып, ем қабылдауға кеңес берді. Бірақ ата-анасы қарсы болды. Қазіргі уақытта баланың денсаулығын бақылау үшін ол Алға аудандық ауруханасына жатқызылды», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар