Ақтөбеде мереке күні баспанасыз бейбақтарға қайырымдылық концерт пен ас берілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде әлеуметтік бейімделу орталығында Наурыз мерекесіне орай тұрғылықты жері жоқ азаматтар мен қылмыстық жазасын өтегендерге арналған «Өмірді өрнектесін - әсем әуен» атты қайырымдылық концерті өтті.
None
None

Қаланың шығармашылық ұжымдары әлеуметтік орталықта тұратын ақтөбеліктер үшін ұлттық үлгіде концерт ұйымдастырды. Концерттен кейін ас берілді, наурыз көже және бауырсақ таратылды. Тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімделу орталығының басшысы орынбасары Жалын Молдағалиевтің сөзіне қарағанда, 65 орындық орталықта бүгінде 102 адам тұрып жатыр. «Олардың 20 пайызы қосымша бақылау мен әлеуметтік сауықтыруға мұқтаж мүгедектер», - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар