Ақтөбеде мереке күні үздік судьялар марапатталды

Осылайша ҚР Жоғарғы сотының алғыс хатымен облыстық соттың судьясы Рахиля Мұхамбетқалиева, ҚР судьялар одағының алғыс хатымен Әйтеке би, Қобда және Мұғалжар аудандық соттарының судьялары Асхат Әбдіров, Абитхан Анарбаев, Сейфулла Тасымбетов марапатталды. Облыстық соттың судьялары Жанна Алишева мен №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Разия Ахметова құрмет грамотасымен марапатталды.
Көп жылдық жемісті жұмысы үшін облыстық соттың судьясы Руслан Жанысбаев «Үш би» құрмет белгісіне, Темір аудандық сотының төрағасы Аманғали Қаржауов ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісіне, облыстық соттың судьясы Бағатай Ізтай III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медаліне ие болды.
Көп жылдық мінсіз еңбегі үшін «Сот жүйесінің ардагері» медалімен 27 жылдық еңбек өтілі бар облыстық соттың судьясы Балтабай Сабыров, 37 жыл бойы сот жүйесінде еңбек еткен облыстық соттың құжат айналымын қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Кульмаксим Қамбарова марапатталды.
Бірқатар судья мен сот қызметкерлеріне облыстық сот төрағасының және ҚР судьялар одағының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының құрмет грамоталары табысталды.