Ақтөбеде мұғалімнің денесі табылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қазір полиция мән-жайды анықтап жатыр. Мұғалім Темір ауданы Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшаға бір жыл бұрын ғана ауысып барған.

Ақтөбеде мұғалімнің денесі табылды
Фото: Kazinform

Оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші ауылында болды.

— Темір аудандық полиция бөлімі 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал Ақтөбе облыстық білім басқармасының хабарлауынша, жас маман былтыр ғана мектеп-балабақшаға ауысып, тарих пәнінен сабақ берді.

— Ол тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын Маржанбұлақ ауылынан бастаған. 2025 жылдың ақпанынан бастап Еңбекші мектеп-бақшасында жұмыс істеді. Жұмысын жауапкершілікпен атқарды, басшылық тарапынан ескертулер болмады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы. Мұғалімнің денесі ауылда өзі тұратын үйден табылған.

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсан айында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз үйінде өз-өзіне қол жұмсады. Ол қызметке 2024 жылы сайланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум