Ақтөбеде мүгедектерді қолдаудың үздік әлеуметтік жобасы таңдалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Облыстық әкімдікте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған мүгедектердің құқықтарын қолдау ұйымдары арасында «Үздік әлеуметтік жоба» байқауының облыстық турының қорытындысы шығарылды.
None
None

Байқауға жергілікті ұйымдардың 8 жобасы қатысты. Әлеуметтік комиссияның жұмыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

Сонымен, Ақтөбенің сал азаматтарын қорғау қоғамының мүгедектер арбасын жөндеу цехын құру бойынша «Парасатты өмір» жобасы бірінші орынды иеленді.

Екінші орынға - облыстық мүгедектер қоғамының Алға аудандық филиалының «Қамқорлық» жобасы ие болды. Үшінші орында - Қазақ саңыраулар қоғамының Ақтөбелік филиалының «Поющие руки» жобасы.

Сал азаматтардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілдеріне грамота мен ақшалай сыйлық берілді.

«Парасатты өмір» жобасы республикалық деңгейдегі байқауға қатысатын болды.

Соңғы жаңалықтар