Ақтөбеде мұнай қалдықтарына арналған резервуар жанып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол ауылында мұнай қалдықтарына арналған резеруар өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндірулер жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

«Келеңсіз жағдай «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ территориясында болды. Аумағы 3 мың текше метр болатын мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенді. Барлығы 8 техника мен 35 адам жұмылдырылды. Ақтөбе қаласынан тағы 5 техника мен 25 қызметкер жіберілді. Зардап шеккен адам жоқ», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.




Соңғы жаңалықтар