Ақтөбеде мұнай тонады деген күдікпен тағы 7 адам қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында мұнай тонау фактісі бойынша күдікті адамдарды 2 ай мерзімге қамауға алу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

«Ақтөбе қаласының №2 сотына мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз ұрлап сатқан қылмыстық топты құрықтау үшін жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталған Б.К. Батыров, Н.С. Қазкенов, С.Б. Дүсіпов, Е.У. Еркетаев, А.А. Әмітов, Ж.М. Ілиясов, А.М. Қалиев, А.Ж. Сәрсенов пен Е.Ж. Ізбасарды (1 топтағы мүгелек) қамауға алу туралы өтініш түсті. Сот аты аталған азаматтарды 2 айға қамау туралы өтінішті қанағаттандырды», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, өткенде зауыт маңынан күштік құрылым  қызметкерлері мұнай ұрлаған  күдіктілерді ұстаған. Бұдан басқа, мұнай ұрлаушыларға «криминалдық» қолдаушылық жасаған радикалдық салафизм ұстанушылардан тұратын қылмыстық топтың бірнеше мүшелерін тұтқындады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, олар тұратын жерлерге, алдын ала деректер бойынша, ұрланған мұнайды заңдастырумен айналысатын бірқатар кәсіпорындарға тінту жүргізілді. Ақтөбеде арнайы операция қаланың өнеркәсіптік аумағында орналасқан «Ақтөбе мұнай өңдеу» ЖШС мұнай өңдеу зауыты маңында жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар