14:20, 22 Наурыз 2014 | GMT +5
Ақтөбеде Наурыз мерекесіне 4 тонна бауырсақ пісірілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Наурызға арналған іс-шара өтуде. Негізгі мереке ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта болды.
Бұл жерге облыстың және аудандардың ірі кәсіпорындары ұлттық киіз үйлер тікті.
Саябаққа келген барлық ақтөбеліктер ұлттық тағам наурыз көже мен бауырсақтан дәм татты. Қаланың дәмханалары мен мейрамханаларында бұл күндері 4 тонна бауырсақ пен 5 мың литр наурыз көже дайындалды. Қаланың шығармашылық ұжымдары Қыдыр ата дәстүрлі кейіпкерімен концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Ақтөбеліктерді облыс әкімі Архимед Мұхаметов құттықтады.