Ақтөбеде 19 жастағы жігіт найзағайдан көз жұмды

АСТАНА.KAZINFORM — Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның алдын ала мәліметінше, оның өліміне найзағай соғуы себеп болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Найзағай
Фото: Pixabay

— 19 жастағы жігіттің мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі атмосфералық электр тогының әсерінен (найзағай соғу салдарынан) болған, — делінген Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соққанын жаздық.