Ақтөбеде облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

Амангелді Қонақбаев
Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып Амангелді Қонақбаев тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін Шалқар ауданы әкімінің орынбасары болған Амангелді Қонақбаев жаңа қызметке тағайындалды. Ол 1977 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, 2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған.

- Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар ауданында қарапайым мектеп мұғалімімен бастап, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп директоры қызметіне дейін көтерілген. 2016-2018 жылдары Шалқар ауданының білім бөлімін басқарған. 2018 жылдың сәуір айынан бастап Шалқар ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарып келді,- деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметі 1 жыл 1 ай бойы бос тұрды.

Соңғы жаңалықтар