Ақтөбеде облыстық құрылыс басқармасының басшысы сотталды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Алаяқтық жасап, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Иманалинге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Иманалин осы жылдың наурыз айында ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық», «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану», «Билік өкіліне бағынбау» және «Билік өкiлiне қатысты күш қолдану» баптары бойынша айып тағылып, іс сотта қаралды. Сонымен бірге серіктестік директоры Даниярбек Қойбағаров та Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айыпталды.
Іс материалына сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйек айында Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мен «Ақ Саток» ЖШС-нің директоры Даниярбек Қойбағаров келісімшартқа қол қойды. Келісім бойынша Мұғалжар ауданы Сағашилі ауылындағы 320 орынды мектепке 750 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Құрылыс жұмысы кезінде Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Иманалин атқарылмаған жұмыстың актісіне қол қойып жіберген. Сөйтіп қаржы серіктестікке аударылып, Қойбағаров пен Иманалин өз пайдасына жаратқан. Тергеу кезінде Н.Иманалин мен Д.Қойбағаров келтірген шығын көлемі 60 миллион теңгеден асып кеткені туралы