Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты шаруаның жерін «басып алды»

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Асқар Садықовтың иелігіндегі серіктестің Қобда ауданы, Білтабанов ауылындағы «Жеменей» шаруа қожалығының жеріне заңсыз қоныстанған. Облыс орталығынан арнайы барған комиссия жердің шаруағы тиесілі екенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде облыстық мәслихат депутаты шаруаның жерін «басып алды»

Ауылда мал өсіріп, 700 бас қой мен 100 бас ірі қара бағып отырған Марат Чужанов бүгін облыстық қоғамдық кеңестің отырысына келіп, полиция басшылары мен прокурорлардан көмек сұрады. Бұған дейін бұл мәселе Білтабанов ауылына арнайы барған облыстық комиссияда қаралды.

«Ақжол» партиясының мүшесі Асқар Садықов «Сауқайың» ЖШС-нің директоры болып, сәуір айындағы жиналыста Сәлима Ізбасарованы сенімді өкілі етіп бекетті. Олар Қобда ауданы, Білтабанов ауылындағы жерге өткен жылдың маусым айынан бастап қоныстанды. Ал мен «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, асыл тұқымды мал өсіріп отырмын. 90 жылдардың басында ауылда мал басын арттыруды қолға алып, 2011 жылы жерді 49 жылға жалға алдым. Орта жолда Асқар Садықов келіп, мал өсіруді жоспарлап отыр. Мен прокуратураға, аудандық ішкі істер департаментіне арызданып, жауабын күтіп отырмын. Сотқа бергім келмеп еді, бірақ олар жерге тұрақты қоныстана бастады»,- деді кәсіпкер Марат Чужанов. Кәсіпкердің айтуынша, «Сауқайың» серіктестігінің адамдары 200 қойды айдап әкеліп, енді техниканы жеткізіп жатыр. Үй салуға арналған топырақ пен қиыршық тас та жеткізілген.

«Комиссия отырысы кезінде Ақтөбе облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқарма басшысы Қанат Қаплиев біздің иелігіміздегі «Жеменей» шаруа қожалығының жерін заңды түрде растады. Тіпті әділет органдарында тіркелген. Сол отырыста екінші тарапқа Жер кодексі түсіндірілді»,- деді Марат Чужанов.

Айта кетейік, бұл істі облыстық ішкі істер департаменті өз бақылауына алды.