Ақтөбеде облысында боранды күні жолда қалғандар құтқарылды

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында қар жауып, боран соғып тұр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жолда қалғандарды құтқару жұмысын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 құтқару қызметіне «Қарабұтақ-Қостанай» тасжолының 85-шақырымында жеңіл көлік бұзылып, ішінде науқас адам бар екені туралы ақпарат түскен. Құтқарушылар 4 адамды Әйтеке би ауданының орталығы Т. Жүргенов ауылына жеткізді.
«Самара-Шымкент» тас жолының 879-шақырымында «Мерседес» маркалы автокөлік бұзылып қалған. Құтқарушылар бұл жолы 4 адамды Хромтау қаласына жеткізді. Жолға шыққанда ауа райы туралы ескертуге бейжай қарамауға шықырамыз», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 16 сәуір күні түнде Ақтөбе облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың шығысында көктайғақ. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады. Ал, Ақтөбе қаласында бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжанды.


Фото: облыстық ТЖД баспасөз қызметі


Соңғы жаңалықтар