Ақтөбеде оқушылар бүгін қашықтан оқып жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – 1-11 сынып оқушылары онлайн оқуға көшті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық білім басқармасы хабарлады.

оқушы
Фото: Астана әкімдігі

Қазіргі кезде Ақтөбеде 1-8 сынып оқушылары онлайн білім алып жатыр. Дегенмен түстен кейін де қашықтан оқытуға шешім шықты.

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Облыстағы барлық білім беру ұйымдары онлайнға көшті, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы.

Өңірдегі синоптиктер 16-22 желтоқсан күндері аралығында аяз бен жел күшейетінін хабарлады. Әсіресе 16-18 күндері аралығында желдің жылдамдығы секундына 15-17, кей жерлерде 20 метрге жетеді. Ауа температурасы -10-13, кей жерлерде түнде 15-20 градус аяз болады.

Айта кетейік, бұған дейін ШҚО-да маусымдық тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекция өршіп, мектептерде кейбір сынып балалары онлайн білім алды. Бүгінде облыстағы барлық білім беру ұйымдарында оқу процесі дәстүрлі форматқа көшкен. 

Соңғы жаңалықтар