Ақтөбеде оқушылардың улану дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласында 6 оқушының астан улану дерегі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Полиция бірнеше сараптама қорытындысын күтіп отыр.
Ақтөбе қаласында оқушылардың астан улану дерегі бір ай бұрын тіркелген.
- 13-14 қазан күндері №16 орта мектебінің 6 оқушысы облыстық клиникалық ауруханасына түсуі бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жүргізді. Нәтижесінде мектеп ас блогында бұзушылық анықталмағандығы туралы шешім шығарылды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Осы оқиғаға қатыс полиция да пікір білдірді.
- Іс тергелуде. Сараптамалар тағайындалды. Соның қортындысы күтіп отырмыз,- деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мектепте жаппай улану дерегі тіркелді. Эпидемиолог мамандар төртеуінде гастрит, екеуінде сальмонеллез анықталған.