19:17, 17 Желтоқсан 2022 | GMT +5
Ақтөбеде оқушылар мінген минивэн аударылып, бір бала көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жаттықтырушы мен балалар мінген көлік жол апатына ұшырап, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68 шақырымында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған «Toyota Estima» автокөлігі аударылды.
Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан.
Оқиға салдарынан 1 бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы Облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.