Ақтөбеде оқушылардың астан улануы: Асхана иесіне айыппұл салынды
Ақтөбеде №9 мектеп-гимназиясының асханасынан ауқаттанған балалар уланып, ауруханада ем қабылдаған болатын. Кейін кәсіпкердің санитарлық қорытынды алмай жұмыс істегені үшін мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды.
«Ақтөбе қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында жеке кәсіпкерге қатысты іс қаралды. Ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің «Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді жүзеге асыру», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» баптары бойынша жауапқа тартылды. Кәсіпкерге 820 625 теңге, яғни, 325 АКЕ көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар 10 күн мерзімге асхана жұмысын тоқтату шешімі шығарылды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.