Ақтөбеде орталық қызметкерлері мүгедек балаларды ұрып-соқты деп айыпталып жатыр

Кеше Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасына №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілерге (туа бітті сал ауруы, Даун синдромы, барлық дәрежедегі олигофрениясы бар балалар тәрбиеленеді) қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы хабарлама түсті.
«Прокурорлар дереу осы мекемеге барып, ондағы бейнебақылау камерасы арқылы орталық қызметкерлері кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерге қатысты бірнеше рет ұрып-соғу, басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданғанын анықтады. Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің «Қинау« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс материалдары Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жолданды»,- деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.