Ақтөбеде өртенген трансформатор ішінен адам денесі табылды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласы маңындағы Кеңес Нокин ауылында трансформатор өртенді. Оның ішінде адам болғаны анықталды.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде тергеу жүріп жатыр.
- Шағын электр стансанан адам денесі табылды. Осы оқиғадан соң сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, адамды ток соққан, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Еске салсақ, Жаңа жыл түні қауіпсіздік шаралары күшейтілді. 600-ден астам полицей мен Ұлттық гвардияның 400-ге жуық қызметкері тәртіпті қамтамасыз етті. Түнде 102 пультіне 157 қоңырау келіп түсті және патрульдік полиция қызметкерлері төрт мас жүргізушіні анықтады. Олардың біреуі бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған.