Ақтөбеде өткен семинарда «100 нақты қадам» Ұлт жоспары түсіндірілді

Оған «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық және аудандық филиалдарының басшылары мен қызметкерлері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстық филиалдарының қызметкерлері семинарға бейнеконференция арқылы қатысты.
Шараны «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары м.а. Нұрхан Ағниязов ашы. Сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қаныбек Жұмашев партияның мақсаттары мен міндеттері, атқарылған шаруа жайлы баяндады. «Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету бойынша Мәжілістегі партия фракциясына келіп түскен 626 заң жобасының 60-ы мақұлданды. Парламент Сенатының қарауына жіберілді», - деді ол.
Партияның орталық аппаратының лекторлары семинарға қатысушылардың «Жас Отан» ЖҚ, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы туралы сұрақтарға жауап беріп, партиядағы жаңалықтарды айтты.